«Нұр Әлем» мектебі 1995 жылдың күзінде құрылып, Әділет министрлігімен тіркелді. Мектеп альтернативті оқыту жолын ұсынады. «Нұр Әлем» мектебі тілдерді үйренуге ерекше көңіл бөлетін жалпы білім беретін оқу орны болып табылады. 5 жастан бастап балалар басқа пәндермен қатар үш тілді үйренеді: қазақ, орыс және ағылшын. Сонымен бірге біз сөйлеу ортасын құруға және осы халықтың мәдениетімен таныстыруға тырысамыз. Шағын сыныптар (орта есеппен 14-16 оқушы) мұғалімге әр балаға жеке көзқарасты жиі қолдануға мүмкіндік береді.